Жақын матчтар
«Жеңіске жақынрақ болдық»: Оразбахтин «Ақтөбемен» өткен матч жайлы
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан премьер-лигасының 29-туры аясында сырт алаңда «Ақтөбемен» өткен (2:2) нәтижелі тең ойынға қатысты пікір білдірді.
«Жеңіске жеткіміз келді»
«Негізі, көп гол соғылған жақсы матч болды. Жеңіске жеткіміз келді және менің ойымша, біз оған жақын болдық. Дегенмен, тығыз кесте өз әсерін тигізді деп ойлаймын – біз екі-үш күн сайын ойнап жатырмыз. Жігіттерге тың күш жетіспей тұрғаны байқалды. Екі күн бұрын көп қуат жұмсаған матч өткіздік, сондықтан бүгін физикалық күш пен жаңа шешімдер жетіспеді», – деп атап өтті Уразбахтин.
Маман сондай-ақ ерте жасалған алмастырудың және бесінші минутта Шейи Оджодан жіберіп алған жылдам голдың себептерін түсіндірді.
«Бірінші таймдағы алмастыру да шаршаңқылықпен байланысты. Шын мәнінде, Еркін Тапалов соңғы матчтарды 90 минуттан толық ойнады, сондықтан толық қалпына келіп үлгермеді. Біздің оң қанатымыз ақсай бастады – ол жақта жылдам Оджо ойнады, қорғаушылардың ту сыртына үнемі пас асырылып жатты. Жіберіп алған жылдам голды біз назарды жоғалтумен және жігіттердің қалпына келіп үлгермегенімен байланыстырамыз.
Дегенмен жігіттерге тағы да үлкен алғыс айтамын. Қиын кестеге қарамастан, біз ойнауды жалғастырдық және соңына дейін күрестік. Екі рет есепті қуып жетуге мәжбүр болдық, бізге аздап сәттілік жетіспеді. Екінші таймда кем дегенде бір гол соғатындай мүмкіндіктер жасадық. Гол соғуымыз керек еді, бірақ өзіміз... жауынгерлік тең ойын, не істейміз енді. Қалпына келеміз. Аздап демалып, әрі қарай дайындалатын боламыз, алда матчтар, еурокубоктар бар», – деп қорытындылады бапкер.
Еске салайық, бұл тең ойын алматылықтар үшін чемпиондық бәсекеде тағдыршешті болды: ҚПЛ мәресіне бір тур қалғанда «Қайрат» шымкенттік «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып қойып, алтын медаль алудың математикалық мүмкіндігінен айырылды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ