Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ордабасы» бас бапкері тең ойын туралы пікір білдірді

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин ҚПЛ-дағы чемпиондыққа жол ашуы мүмкін матчта «Жеңіспен» (1:1) болған тең ойын туралы пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Ордабасы» бас бапкері тең ойын туралы пікір білдірді
Андрей Мартин

Елорда клубына қарсы матч «Ордабасыға» Қазақстан чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алу мүмкіндігін беретін еді. Алайда кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Ауыр матч болды. Әрине, барлығы үйдегі жеңісті, стадионның лық толуын күтті. Барлығы армандаған ең жақсы финал — үйдегі жеңіс, чемпиондықты мерзімінен бұрын жеңіп алу еді. Бірақ оның қашан болатынын бір Алла біледі. Бүгін біз ең үздік ойынымызды көрсете алмадық.

Қазір командамен киім ауыстыратын бөлмеде сөйлестік. Жүз пайыз ойнау керек болған сәтте мұны жасай алмадық. Ойыншыларды түсінемін, үйде, трибуналар толып тұрған кезде чемпиондық матчта ойнау — үлкен қысым. Мұндайда бар күшіңді көрсетуің керек. Ал қарсыласымыз да барынша тырысты, олардың қатты уәжделгені көрініп тұрды.

Соңғы ойындарда олардан аса бір мотивация байқамаған едім, ал бүгін олардың мотивациясы екі есе, үш есе, тіпті бес есе болды десем де білмеймін. Жарайсыңдар, бізге қарсы жақсы күресті, көп нәрсе жасауымызға мүмкіндік бермеді. Сондықтан ойын барысына қарап, заңды нәтиже — тең ойын деп ойлаймын. Бүгін біз жеңіске лайық болмадық. Біз басқаша ойнауымыз керек еді. Сондықтан бүгін бір-бірімізге шындықты ашық айтуымыз қажет. Мен әрқашан мақтаймын, әрқашан ойыншылардың жағындамын. Бірақ жүз пайыз күш жұмсай алмаған кезде, мұны олардың бетіне айтуым керек. Енді бастарымызды көтеріп, соңғы турға дайындалып, мақсаттарымыз үшін соңына дейін күресуіміз қажет. Бүгінге осы», — деп Мартиннің келтіреді сөзін Sports.kz.

«Ордабасының» қоржынында 68 ұпай бар, ал «Қайратта» 63 ұпай. Егер жексенбі күні «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңе алмаса, «Ордабасы» ҚПЛ-дың алтын медальдарын жеңіп алады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz