Жақын матчтар
ҚФФ «Ақтөбе» мен «Ордабасыға» айыппұл салды
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті Премьер-лиганың 23-туры аясындағы «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы матчқа қатысты шешім шығарды.
Нәтижесінде екі клубқа және «Ақтөбе» бас бапкері Игорь Черевченкоға айыппұл салынды.
ҚФФ мәліметінше, «Ақтөбе» клубы матчтың ресми тұлғаларының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген. Сонымен қатар клуб директоры Б. Дүзелбаевтың төрешілер бөлмесіне рұқсатсыз кіргені анықталған. Осы тәртіп бұзушылық үшін клубқа 300 АЕК айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, «Ақтөбе» жанкүйерлерінің матчтың ресми өкілдері мен қарсылас командаға балағат сөздер айтқаны үшін клуб тағы 200 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді.
Ал команданың бас бапкері Игорь Черевченко абырой мен беделге нұқсан келтіретін мәлімдеме жасағаны үшін 50 АЕК айыппұл арқалады.
Қонақтарға да айыппұл салынды
«Ордабасы» клубы да жазасыз қалмады. Команда киім ауыстыратын бөлмеден кеш шығып, матчтың басталуын үш минутқа кешіктіргені үшін 60 АЕК айыппұл төлеуі тиіс.
Барлық айыппұлды 2026 жылғы 20 қарашаны қоса алғанға дейін төлеу қажет.
ҚФФ клубтарға қауіпсіздік талаптарын, жарыс регламентін және кәсіби әдеп нормаларын сақтау міндетті екенін еске салды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ