Жақын матчтар
Түркия қатарынан 4 кездесуде жеңіліп, италиялық бапкерді қызметінен босатты
Түркия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Серген Ялчин тағайындалуы мүмкін.
Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, түркиялық маманмен келіссөздер шешуші кезеңге жеткен. Тараптар 2030 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін келісімшарт жасасуға жақын.
Ялчиннің соңғы жұмыс орны «Бешикташ» клубы болды. Ол 2025 жылдың мамырында командадан кеткенге дейін ұжыммен бірге Түркия чемпионатында топ жарып, ел кубогын жеңіп алды.
Маман бұған дейін «Антальяспор», «Малатьяспор», «Аланьяспор», «Коньяспор», «Эскишехирспор», «Кайсериспор», «Газиантепспор» және «Сивасспор» клубтарын жаттықтырған.
Монтелла не себепті қызметінен кетті?
Түркия құрамасын бұған дейін италиялық Винченцо Монтелла жаттықтырды. Команда Ұлттар лигасындағы соңғы төрт кездесуінде жеңіліп, маманның қызметінен кетуіне қатысты шешім қабылданды.
Түркия құрамасы аталған матчтарда Франциядан 0:1, Италиядан 1:4 есебімен жеңіліп, Бельгияға 0:3 есебімен есе жіберді. Италиямен өткен тағы бір кездесуде де 1:3 есебімен ұтылды.
Қазір Түркия құрамасы Ұлттар лигасының А лигасындағы бірінші топта төртінші орында тұр. Команда топтық кезеңдегі қалған екі ойынын өткізеді: 12 қарашада өз алаңында Бельгияны қабылдаса, 15 қарашада Франциямен сырт алаңда кездеседі.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ