Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Месси 10 млн еуроға қымбат яхта сатып алды

Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси мен испаниялық теннисші Карлос Алькарас бірдей үлгідегі яхтаға тапсырыс берді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Месси 10 млн еуроға қымбат яхта сатып алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Екі спортшы да Польшаның Sunreef Yachts кеме жасау компаниясы ұсынған Ultima 88 моделін таңдаған. Бұл яхтаның бағасы 8–10 миллион еуро аралығында бағаланады.

Мессиге арналған яхта Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалып жатыр. Футболшы оны отбасымен бірге теңізде демалу үшін пайдаланбақ. Ал отбасы демалысынан тыс уақытта яхта жалға беріледі. Ол Med Cat Yachts компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын MIM Ocean жобасының чартерлік флотына қосылады.

Ultima 88 яхтасының ұзындығы – 28,4 метр, ені – 9,3 метр. Оның ішінде бес каюта қарастырылған. Соның бірі – яхтаның енін толық қамтитын кең басты жатын бөлме. Бұдан бөлек, кеменің алдыңғы бөлігінде джакузи орнатылады. Ашық палубалар мен кең флайбридж жолаушыларға теңіз көрінісін тамашалап, жайлы демалуға мүмкіндік береді.

Яхтаның артқы бөлігінде суға тікелей түсуге болатын арнайы демалыс аймағы бар. Жиналмалы бүйір террасалар демалыс кеңістігін кеңейтеді. Сондай-ақ гидроциклдерге арналған жеке орын қарастырылған. Яхта әрқайсысының қуаты 1000 ат күшіне тең екі қозғалтқышпен жабдықталады.

Теннисші Карлос Алькарас та осы үлгідегі яхтаға тапсырыс берген. Алайда теннисшіге арналған нұсқаның ішкі жобасы өзгеше: онда төрт қонақ каютасы мен жеке басты жатын бөлме болады.

Айта кетейік, Sunreef Yachts компаниясының клиенттері қатарында испаниялық теннисші Рафаэль Надаль, «Формула-1» чемпиондары Нико Росберг пен Фернандо Алонсо да бар. Алонсо ұзындығы 18,3 метр болатын Sunreef 60 Power Eco яхтасын сатып алған. Бұл модель электр қозғалтқыштарымен және күн панельдерімен жабдықталған.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz