Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Рамазан Оразов мансабын өзге клубта жалғастыруы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы әрі семейлік «Елімайдың» капитаны Рамазан Оразов ауысуы мүмкін клубтардың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Рамазан Оразов мансабын өзге клубта жалғастыруы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

28 жастағы футболшының қызметіне Қазақстан премьер-лигасының бірнеше ұжымы нақты қызығушылық танытып отыр. Дегенмен, Оразовтың «Елімаймен» келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін есептелген. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 21 матч өткізіп, төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Оразовтың трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланып отыр. Футболшы семейлік клуб сапына 2025 жылдың жазында даниялық «Силькеборгтан» ауысып келген болатын. Бұдан бөлек, өз мансабында ойыншы словениялық «Копер», ресейлік «Чайка», латвиялық «Даугавпилс» және отандық «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақсу» мен «Қайрат» командаларында өнер көрсеткен. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 42 кездесу өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz