Жақын матчтар
Ұлттық құрама қақпашысы Чемпиондар лигасында үздік деп танылды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турдың символикалық құрамына енді.
Әзербайжанның «Сабах» клубында өнер көрсететін қазақстандық футболшы «Славияға» қарсы кездесуде қақпасын голдан аман сақтап, командасының жеңісіне үлес қосты.
Бакуде өткен матчта «Сабах» Праганың «Славиясын» 2:0 есебімен жеңді. Кездесуге капитандық белгімен шыққан Покатилов қарсыластың бірнеше қауіпті шабуылына тосқауыл болып, сенімді ойын көрсетті.
Айта кетейік, «Сабах» үшін турнирдің алғашқы кездесуі сәтсіз аяқталған еді. Команда сырт алаңда ағылшындық «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен жеңілген болатын.
Әзербайжандық клуб келесі матчын 20 қазанда Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы өткізеді. Чемпиондар лигасындағы дебюттік маусымында «Сабах» бұдан бөлек норвегиялық «Викингпен», испаниялық «Барселона» және «Вильярреалмен», италиялық «Наполимен» және лондондық «Арсеналмен» кездеседі.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ