Қостанайлық «Тобылдың» қазіргі қызметкері Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне шақырылды.
ҚФФ мәліметінше, одан ұйымның қауіпсіздік және интегрити қызметі жауап алған. Тексеріс себептерінің бірі: ойындарға дейін және одан кейін ресми тұлғалармен байланыс орнату.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та төрешілердің бірі 10 миллион теңгеге дейін көлемде сыйақы алуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ретте аталған қазы ҚПЛ-дың биылғы маусымында өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Маусым соңында ҚФФ осы іске қатысы бар тұлғаларды футболдан шеттетіп, өз үкімін шығарады деп күтілуде.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.