Бірінші таймда Фарер аралдарының футболшылары бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бұрыштамадан кейін Петур Кнудсен есеп ашты. Бұдан бөлек, қонақтардың екі соққысы қақпа бағанасына тиіп, Қазақстан құрамасы голдан аман қалды.
Үзілістен кейін алаң иелері алыстан соққы жасауға жиі ұмтылды. Максим Самородовтың айып добынан бағыттаған добы қақпа маңдайшасына тиді. Ал Геза Тури Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеп, есепті 0:2-ге жеткізді.
68-минутта Мартин Агнарссон алаңнан қуылып, Фарер аралдары құрамасы он ойыншымен қалды. Сан басымдығына ие болған Қазақстан есепті теңестіре алды. Алдымен Сергей Малый айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, айырманы қысқартты. Кейін Нұралы Әліп таразы басын теңестірді.
Кездесудің соңына қарай Малый да алаңнан қуылып, екі команда ойынды он футболшымен аяқтады. Қорытынды есеп – 2:2.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.