Турнирдің алғашқы екі турында ұлттық команданың қақпасын қорғаған қақпашы Стас Покатилов қорытынды тізімнен тыс қалды. Сондай-ақ, бапкерлер штабының шешімі бойынша алдағы кездесудің өтініміне Арсен Әшірбек, Александр Широбоков және Исмаил Бекболат іліккен жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, Ислам Чесноков пен Максим Самородов жарақаттарына байланысты Ұлттар лигасының қазіргі матчтарын өткізіп жібереді. Сонымен қатар, құрамаға жартылай қорғаушы Исламбек Қуат көмектесе алмайды – ол Словакияға қарсы өткен сырт алаңдағы ойында (1:2) екінші сары қағаз алуына байланысты шеттетілу мерзімін өтеп жатыр.
Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясындағы (С дивизионы, 3-топ) Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матч бүгін, 2 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады.
Өзара ойын алдында екі команда да бір-бір ұпайдан жинап, өз төрттігінің турнирлік кестесін қорытындылап тұр. Топты алты ұпаймен Словакия құрамасы бастап тұр, ал екінші орында Фарер аралдары (2 ұпай) орналасқан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.