Қазақстандық футболшылар Ресейде легионер болып саналмайды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
14.04.26, 08:25
РПЛ-дегі легионерлер лимиті туралы жаңа заң жобасы бекітілгеннен кейін Қазақстан паспорты бар футболшылар қазіргі мәртебесін сақтап, Ресей чемпионатында легионер болып саналмайды
Қазақстандық футболшылар Ресейде легионер болып саналмайды
Коллаж

Бұл туралы инсайдер Иван Карпов хабарлады.

«ЕАЭО елдерінің футболшылары РПЛ-де легионер бола ма? Маған армяндар, қазақтар, беларусьтер мен қырғыздар туралы көп сұрақ келіп жатыр — енді олар Ресей футболында легионер санала ма?

Жоқ, жігіттер — Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарының құқықтары күмән тудырмайды, Ресейде олар өздерін еркін сезініп, еңбек ету құқығында шектелмейді!» — деп жазды журналист өзінің Telegram-арнасында.

Бүгін Ресей Федерациясының Спорт министрлігі РПЛ-дегі легионерлер лимитін қатаңдату туралы бұйрық жобасын жариялады. Бұл өзгерістер 2026/2027 маусымынан бастап күшіне енеді, онда «12+7» формуласы қолданылады. Яғни, клубтар өтінімге ең көбі 12 шетелдік ойыншы енгізе алады, ал бір мезетте алаңда бір команда құрамында 7 легионерден артық болмайды. Лимит жыл сайын кезең-кезеңімен қатаңдатылады: 2027/2028 маусымы — «11+6», 2028/2029 маусымы — «10+5».

Қазіргі таңда РПЛ-де Қазақстанның төрт футболшысы өнер көрсетіп жүр: Максим Самородов, Галымжан Кенжебек (екеуі де — «Ахмат»), Нуралы Алип («Зенит») және Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу»).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
11
2
Елімай
11
3
Оқжетпес
11
4
Ордабасы
9
5
Қызылжар
8
6
Астана
8
7
Ұлытау
8
8
Атырау
7
9
Ақтөбе
7
10
Ертіс
6
11
Жетісу
5
12
Қайсар
3
13
Жеңіс
3
14
Алтай
2
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1