Ұлттар лигасы С тобындағы 2-тур кездесуі сейсенбі, 29 қыркүйекте өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.
«Алғашқы матч әрдайым қиын өтеді, алайда Қазақстанмен ойын да жеңіл серуен болмайды. Қазақстан құрамасын жақсы білемін. Оларда жас ойыншылар көп, сонымен қатар тәжірибелі футболшылар да бар.
Дегенмен, бұл міндетті орындауға біздің сапамыз жеткілікті. Бізде ойын тағдырын шеше алатын футболшылар бар. Алайда Қазақстанға қарсы матчқа дейін бірдеңе ойластыруымыз керек, өйткені шабуыл кезеңінде тиімдірек әрекет етуіміз қажет», — деп Вайсстің сөзін Sports.kz келтіреді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жолын Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы тең ойынмен бастады. Бірінші турдан кейін Қазақстанның еншісінде бір ұпай бар. С дивизионы тобында үш ұпай жинаған Словакия құрамасы көш бастап тұр, ал Молдова әзірге ұпайсыз келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.