Фарер аралдарына қарсы матч үшін қазақстандық қорғаушы ең жоғары бағалардың бірін – 9.1 балл алды. Осы көрсеткіштің арқасында Ерланов 2018 жылғы «Алтын доп» иегері Лука Модрич (8.5) және норвегиялық жұлдызды шабуылшы Эрлинг Холанд (9.0) сынды әлемдік жұлдыздармен бір командадан табылды.
Сондай-ақ турдың үздік ойыншылары тізіміне қазақстандық Дастан Сәтпаевтың ағылшындық «Бернлидегі» командаласы – Швейцария құрамасының шабуылшысы Зеки Амдуни (9.7) де кірді.
Ұлттар лигасы бірінші турының толық құрамасы: Марк-Андре тер Штеген, Темірлан Ерланов, Ян Пауль ван Хекке, Георгий Арутюнян, Лука Модрич, Андрия Живкович, Зеки Амдуни, Лукас Мишельбринк, Лео Уолта, Йоэль Похьянпало және Эрлинг Холанд.
Еске сала кетейік, Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы тең ойнады (1:1), ал Темірлан Ерланов біздің команда сапындағы жалғыз голдың авторы атанды.
Ұлттар лигасының екінші туры аясындағы өзінің келесі кездесуін қазақстандықтар 29 қыркүйекте сырт алаңда Словакия құрамасына қарсы өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.