«Бернли» бапкері команда капитанын сұхбат бергені үшін қосалқы құрамда қалдырды

Автор
Fonteam редактор
Автор
27.09.26, 08:12
«Бернли» Чемпионшиптің сегізінші турында «Дерби Каунтимен» тең ойнап (1:1), осы маусымдағы жеңіссіз сериясын жалғастырды. Аталмыш кездесуде команда капитаны Кайл Уокер қосалқы құрамда қалды.
«Бернли» бапкері команда капитанын сұхбат бергені үшін қосалқы құрамда қалдырды
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл шешім Уокердің бірнеше күн бұрын өз ойыны мен команданың маусымды сәтсіз бастауы туралы ашық пікір білдіргенінен кейін қабылданды. Қорғаушы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында және клуб қызметкерлері мен жанкүйерлер кеңесімен болған кездесуде матчқа қатысты ойын ашық жеткізген еді.

«Уокер бұл шешімді кәсіби футболшы ретінде қабылдады. Кайл ойнағысы келеді. Біздің командадағы барлық футболшы алаңға шыққысы келеді. Сондықтан бұл — қалыпты жағдай. Бірақ ол бұл шешімге кәсіби тұрғыда қарады», — деді Ники Хайен.

«Дерби Каунтиге» қарсы матчта Хайен бастапқы жеті матчта негізгі құрамнан шыққан қақпашы Макс Вайсстың орнына Грег Кудертті шығарды.

Германияның U-21 құрамасына шақырту алған Вайсс маусымның алғашқы жеті ойынында 16 гол жіберіп алған. Оның сенімсіз ойыны «Суонси Ситиге» қарсы кездесудегі өрескел қателігімен шегіне жеткен еді.

Грег Кудерт лигадағы дебютінде әлдеқайда сенімді көрінді. Ол бірнеше жақсы сейв жасап, айып алаңын да жақсы бақылауда ұстады.

«Менің ойымша, Грег жақсы ойнады. Ол доппен сенімді әрекет етті және қажетті сейвтердің барлығын жасады. Жалпы, өз міндетін жақсы атқарды, — деді Хайен.

«Бернли» қазіргі уақытта үлкен дағдарысты бастан өткеруде: команда 2026/27 жылғы маусымды өте сәтсіз бастап, бірде-бір матчта жеңіске жетпеді және қазір турнир кестесінде соңғы, 24-ші орында тұр.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

27.09.26, 08:12

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22