Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Нұралы Әліп ұлттық құрама бапкері туралы пікір білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы әрі капитаны Нұралы Әліп Ұлттар лигасының алдағы матчтарына шақырту алғанынп қатысты әсерімен бөлісті және команданың жаңа бас бапкері Джон ван’т Схиппен таныстығы туралы айтып берді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Нұралы Әліп ұлттық құрама бапкері туралы пікір білдірді
ҚФФ

«Мен ұлттық құрама дегенде жанымды беретіндердің бірімін. Құрама матчтарын үнемі асыға күтемін, күн санап жүремін. Тіпті басшылықтан: «Маған билет алып қойдыңдар ма?» деп сұраймын. Оған қоса маған жаңа бапкер өте қызық – оның қандай болатынын, жаңа тактикалық схемалар пайда бола ма, соны білгім келеді.

Мен ол туралы Елдостан (Елдос Ахметов – ред. ескерт.) сұрастырып жүрмін. Бапкер бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді ұсынды, бірақ ағылшынша қатты сөйлей алмайтындықтан, мен құрамада келгенде жеке танысып, сөйлескеніміз дұрыс болар деп жауап бердім», – деді Әліп «Кинопоискке» берген сұхбатында.

Ұлттар лигасының жаңа маусымы аясында Қазақстан құрамасы С дивизионында өнер көрсетеді. Топта қазақстандықтардың қарсыластары Фарер аралдары, Молдова және Словакия командалары болды. Ұлттық құрама өзінің алғашқы матчын 26 қыркүйекте сырт алаңда фарерліктерге қарсы өткізеді.

Тамыз айында Қазақстан құрамасын голландиялық маман Джон ван’т Схип тізгіндеді. Бұған дейін ол амстердамдық «Аяксте» жұмыс істеген, сондай-ақ Армения ұлттық құрамасын баптаған.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz