«Ертіс» жартылай қорғаушысы Юси Симамура ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ерлан Шойтымовтың бас бапкер қызметіне тағайындалуы павлодарлық клубқа қалай әсер еткенін айтып берді.
«Мұндай қысқа уақыт ішінде түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу қиын, бірақ бапкер біздің ойын тәртібімізді жақсартуға ерекше назар аударғанын сезіп жүрмін. Біз қазір әлдеқайда жүйелі әрі ұйымшыл қимылдаймыз. Бұл біздің біртұтас командаға айналуымызға көмектесті деп ойлаймын.
Ең бастысы – біз жеңіске жетіп, жақсы тәжірибе жинап жатырмыз. Соңғы нәтижелер жалпы ұжымға да, әрбір ойыншыға да жекелей үлкен сенімділік ұялатты. Қазір біз өзімізді еркін сезінеміз, алаңда барымызды саламыз, және осының арқасында кішігірім табыстарға жетіп жатырмыз», – деді 26 жастағы жапондық футболшы.
Еске сала кетейік, «Каспийдің» бұрынғы тәлімгері Ерлан Шойтымов «Ертіс» тізгінін тамыз айында ұстаған болатын. Отандық маманның басшылығымен команда төрт матчта тоғыз ұпай жинап, ҚПЛ жарыс кестесінде 13-орыннан 11-орынға көтерілді.
Юси Симамура «Алтайға» қарсы өткен соңғы ойында (2:1) гол соғып, көзге түсті. Бұған дейін жапондық хавбек словакиялық «Земплин» және аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарында өнер көрсеткен. Дәл осы аргентиналық клубта «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Месси өз мансабын бастаған еді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.