Серый CARDINAL Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, жоспарланған өзгеріс жүзеге аспайды: ҚФФ атқарушы комитеті маусым аяқталғаннан кейін легионерлер лимитін клуб өтініміндегі он шетелдік футболшы деңгейінде қалдырады. Қазіргі маусымда да дәл осы талап қолданылады.
Сонымен қатар дереккөз Бірінші лигадағы легионерлер лимиті қандай болатыны туралы әзірге ешқандай шешім қабылданбағанын нақтылап, «шамасы, бұл мәселе тіпті кулуарларда да (шешім қабылдайтын адамдар арасында) талқыланбаған» деп мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін қыркүйек айында Қазақстан чемпионатының жоғары дивизионындағы легионерлер лимитінің болашағына қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-дағы консультациялар қорытындысы бойынша қабылданатыны хабарланған еді.
Қазақстаннан бөлек, КПЛ-да ең көп ұсынылған елдер — Бразилия (17 футболшы), Сербия мен Беларусь (12 ойыншыдан), Украина (12 футболшы) және Хорватия (11 футболшы).
Қазіргі маусымда легионерлерді ең көп пайдаланған клубтар — «Ертіс» (19 футболшы), «Атырау», «Елімай» және «Каспий» (13 ойыншыдан).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.