«Бәрін түзей аламын»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлиден» кету қаупі жайлы

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.09.26, 04:12
Чемпионшип маусымын сәтсіз бастаған «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен клубты жарыс кестесінің түбінен алып шыға алатынына сенімді екенін жеткізді.
«Бәрін түзей аламын»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлиден» кету қаупі жайлы
Сурет: ашық дереккөздерден

Алдыңғы күні «Бернли» соңғы минуттарда «Дерби Каунтиге» (1:1) қарсы ойында жеңісті уысынан шығарып алды. Осы нәтиженің кесірінен команда алғашқы сегіз турда бірде-бір рет жеңіске жетпей, Чемпионшиптегі ең соңғы, 24-орынға (4 ұпай) табан тіреді. 46 жастағы тәлімгердің айтуынша, ол таяу уақытта клуб басқармасының төрағасы Алан Пейспен келіссөз жүргізіп, өзінің болашағы мен қалыптасқан дағдарыс жайын талқыламақ.

«Жанкүйерлердің көңілі қалғанын және олардың ашулы екенін толық түсінемін. Мен мұны қабылдаймын. Егер маусымды осылай бастасаңыз, жанкүйерлердің ашулануға толық құқығы бар, өйткені бұл олардың командадан және менен күткен нәтижесі емес. Бірақ мен әрдайым табандылық танытып, күресе білдім. Бұрын да қиын жағдайларға тап болып, одан шығар жол тапқанмын. Егер маған мүмкіндік берілсе, бәрін өзгерте алатынымызға кәміл сенемін», – деді Хайен Burnley Express басылымына берген сұхбатында.

Бельгиялық маман алдағы халықаралық үзіліс қателіктермен жұмыс істеуге таптырмас мүмкіндік болатынын, үзілістен кейін команда «мүлдем жаңа кейіпте» шығатынын алға тартты. Беделді британдық дереккөздің хабарлауынша, апатты нәтижелерге қарамастан, қазіргі таңда Хайеннің қызметіне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Бернли» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Команда тізгінін осыдан екі ай бұрын ұстаған Ники Хайеннің қол астында отандасымыз төрт ресми матч өткізіп үлгерді. Қазақстандық форвард жарақатына байланысты «Дерби Каунтимен» болған ойынға қатыса алмады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

21.09.26, 04:12

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22