2026 жылғы УЕФА Суперкубогының билеттері 30 еуродан 150 еуроға дейін сатылды. Матч 12 тамызда Зальцбургтегі (Австрия) «Stadion Salzburg» стадионында өтті.
Билет бағалары:
Fans First – €30 (15 300 теңге) – финалист командалардың жанкүйерлеріне арналған
3-санат – €50 (25 500 теңге)
2-санат – €90 (45 900 теңге)
1-санат – €150 (76 500 теңге)
Prime Seats – €350 (178 500 теңге) – 1-санаттағы орталық орындар
Естеріңізде болса, 2025 жылы «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығып, өз алаңындағы ойындарға кіру бағасын 30 мың – 250 мың теңге аралығында бекіткен еді.
Бірақ 2028 жылы Астанада өтетін ойын кезінде мұндай бей-берекетсіздік болмайды. УЕФА Суперкубогына арналған билеттердің бағасын ұйымның өзі бекітіп, сатуды да УЕФА ұйымдастырды. Биылғы матч Зальцбург қаласында өткенімен, билет бағасын Аустрия тарапы жеке белгілемеген.
Яғни, турнирді қабылдайтын ел стадион мен матчтың ұйымдастыруына қатысады, бірақ билет санаттары мен бағаларын УЕФА өзі белгілейді.
2026 жылғы Суперкубоктың билеттері жалпы көрермендерге тек UEFA-ның ресми сайты арқылы сатылған, ал финалист клубтардың жанкүйерлеріне бөлінген билеттерді клубтардың өздері үйлестірген.
Айтпақшы, 2026 жылғы Суперкубокта ПСЖ мен «Астон Вилла» кездесіп, париждік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.