A Bola мәліметінше, Роналду бірнеше ірі инвестормен бірігіп, Эр-Рияд клубының акцияларын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ақпаратқа сәйкес, Криштиану Роналду RedBird Capital инвестициялық қорының негізін қалаушы әрі италиялық "Миланның" иесі Джерри Кардиналемен серіктестік орнатқан.
Олармен бірге консорциум құрамына саудиялық үш кәсіпкер кірген:
Инвесторлар "Әл-Насрә акцияларының 75 пайызына иелік ететін Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорына (PIF) ресми ұсыныс жолдауды жоспарлап отыр.
Хабарланғандай, консорциумдағы бес қатысушының әрқайсысы мәмілеге кемінде 92 миллион еуро инвестициялауға әзір. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Криштиану Роналду өзі әлі де футболшы ретінде өнер көрсетіп жүрген "Әль-Насрдың" ортақ иелерінің біріне айналуы ықтимал.
Консорциум өкілдері мен PIF арасындағы келіссөздер жақын уақытта өтуі мүмкін.
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына 2023 жылғы 1 қаңтарда қосылды. Осы кезеңде португалиялық шабуылшы барлық турнирде 155 матчқа қатысып, 132 гол соқты және 23 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар Роналду клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, Сауд Арабиясы чемпионатының бір маусымында 35 гол соғу арқылы рекорд орнатты.
41 жастағы футболшы "Әл-Наср" сапында 2025/2026 жылғы Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы атанып, Араб чемпиондар кубогын да иеленген.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.