«Ордабасыдан» жеңілсем де, «Қайратты» ұтуым керек»: Бабаянның жоспары белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.09.26, 06:02
Қазақстандық спорт журналисі Эльдар Аманбаев Қазақстан Премьер-лигасының 27-турындағы «Астана»-«Қайрат» ойыны жайлы пікір білдіріп, «Ордабасыға» қарсы матч алдында Григорий Бабаянмен болған әңгімесіне тоқталды.
«Ордабасыдан» жеңілсем де, «Қайратты» ұтуым керек»: Бабаянның жоспары белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Алматыда өткен алғашқы ойында «Қайрат» «Астананы» 4:0 есебімен ойсырай ұтты. Калаица басын жарып алды, Чондричті Сейсенмен алмастырып тастады.

Григорий Бабаянмен әуежайда сөйлескен кезде ол: «иә, «Ордабасы» бірінші орында келе жатыр, бірақ біз үшін ең принципиальды команда — «Қайрат». «Ордабасыдан» 3:0, 4:0 есебімен жеңілсем де, тең түссек те, жеңсек те, мен үшін ең бастысы – Астанада «Қайратты» ұту. Біз чемпион бола алмайтынымызды және үшінші орын алуға мүмкіндігіміз көп екенін түсініп тұрмыз. Бірақ қалай болғанда да, «Қайратты» ұтуым керек», – деп айтты. Сол себепті Шымкенттегі ойынға Марин Томасов пен Иван Башич қатыспады», – деді Аманбаев «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.

Шымкентте өткен ҚПЛ-дың 26-тур матчында «Ордабасы» «Астананы» 1:0 есебімен жеңді. Ал «Қайрат» бұл турда «Тобылдан» 1:4 есебімен ұтылып қалды. Қазір турнир кестесінде Андрей Мартиннің командасы алматылық клубтан бір ұпайға алда келеді.

«Қайрат» келесі ойынын 17 қыркүйек күні сырт алаңда «Астанаға» қарсы өткізеді. Ал «Ордабасы» «Атырауға» қонаққа барады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

16.09.26, 06:02

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20