Кездесу алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Бірінші таймда "Ақтөбе" есеп ашуға мүмкіндік алды. Артур Шушеначев пенальтиді дәл орындай алмағанымен Даниэль Соса қайтқан допты қақпаға бағыттап, қонақтарды алға шығарды.
Үзілістен кейін де ақтөбелік команда қарқынын бәсеңдетпеді.72-минутта Шеий Оджо есепті еселеді. Ал алаң қожайындары тек 87-минутта бір голмен жауап қайтарды. Нәтижелі соққымен Бернардо Моркано ерекшеленді.
Осы жеңістен кейін "Ақтөбе" 41 ұпай жинады. Команда Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бесінші орында тұр.
Ал 26 ұпай жинаған "Каспий" оныншы сатыда қалды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.