Әзербайжанда Стас Покатиловты сынға алғандарға жауап берілді

Автор
Fonteam редактор
Автор
12.09.26, 06:17
Қазақстандық қақпашы сәтсіз ойындары үшін сынға ұшыраған болатын.
Әзербайжанда Стас Покатиловты сынға алғандарға жауап берілді
Сурет: ашық дереккөздерден

Әзербайжандық спорт журналисі Сулейман Велиев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Сабахтың» қақпашысы Стас Покатиловқа қатысты айтылған сынға пікір білдірді.

Израильдің «Хапоэліне» және англиялық «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчтардан кейін жанкүйерлердің бір бөлігі қазақстандық голкиперді нәтижелі қателіктер жіберді деп айыптаған еді. Дегенмен, сарапшы мұндай мәлімдемелерді эмоцияға толы әрі субективті деп санайды.

«Қандай да бір ауыр хейт бар деп ойламаймын, өйткені жетістіктері бәрін жуып-шаюда. Десек те, «Хапоэльмен» өткен ойыннан кейін Покатиловты командадағы осал тұс деп санайтындар бар. Бірақ бұл, әрине, негізінен оңды талдауға сүйенбеген жанкүйерлердің эмоциялық пікірі. Ол ойындағы, әсіресе бірінші голдағы қателіктер команданың ойын стилінен туындады. Қақпашыдан шабуылды ұйымдастырып, әрқашан қатысуды талап еткенде мұндай жағдайлар болып тұрады. Бұл кез келген жүйеде кездесетін қалыпты олқылықтар», – деп атап өтті Велиев.

Журналист сондай-ақ бас бапкер Вальдас Дамбраускастың кезіндегі клубтың соңғы жетістіктерінде Покатиловтың басты рөл атқарғанын баса айтты.

«Ең алдымен, Покатилов – «Сабахтың» қақпасына тұрақтылық әкелген ойыншы екенін ұмытпау керек. Бұл 2-3 жыл бұрын командада жоғары деңгейге шығу үшін жетіспеген дүние еді. Дамбраускас тұсындағы команданың жетістіктерінде оның үлесі өте үлкен. Өйткені, соңғы шептегі сенімділік бүкіл командаға берілетінін бәріміз білеміз», – деп түйіндеді журналист.

Еске сала кетейік, осы аптада Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады. Бірінші тур матчында «Сабах» сырт алаңда англиялық «Манчестер Юнайтедтен» ірі есеппен (0:4) ұтылды. Қазақстандық голкипер өз командасын «Олд Траффорд» алаңына капитандық таңғышпен бастап шығып, толық 90 минут ойнады және бес сейвпен көзге түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

12.09.26, 06:17

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22