Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Тараз" соңғы минутта жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстан Бірінші лигасының 22-турында "Тараз" өз алаңында Алматының "Хан-Тәңірі" командасымен 3:3 есебімен тең түсті.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
"Тараз" соңғы минутта жеңісті уысынан шығарып алды
Сурет: ашық дереккөздерден

"Хан-Тәңірі" бірінші таймда екі рет алға шықты

Кездесудің 9-минутында алматылықтардың футболшысы Рустам Эмиров есеп ашты. Бірақ "Тараз" көп күттірмей таразы басын теңестірді. 25-минутта Санжар Кемелбек мергендігімен көзге түсті.

Бірінші тайм аяқталар тұста қонақтар тағы да алға шықты. Рауан Сәрсенбек "Хан-Тәңірінің" екінші голын соқты.

"Тараз" камбэк жасап, жеңіске жақындады

Үзілістен кейін жамбылдықтар ойынды белсенді бастады. 60-минутта Диас Лесбек есепті қайта теңестіріп, алаң иелеріне үміт сыйлады.

Ал матчтың негізгі уақыты аяқталуға жақындағанда "Тараз" тіпті алға шықты. 89-минутта Жасұлан Молдақараев гол соқты. Бірақ алаң иелері жеңісті есепті сақтап қала алмады. Қосымша уақыттың 93-минутында Асхат Тұрғынбаев "Хан-Тәңіріне" маңызды гол сыйлап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 3:3.

Осылайша "Тараз" соңғы сәтте үш ұпайдан қағылып, бір ұпаймен шектелді.

Бұл матчтан кейін "Тараз" 29 ұпаймен жетінші орында тұр. Ал "Хан-Тәңірі" 25 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы сатыға жайғасты.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz