Дастан Сәтпаевтың командасы АПЛ-де ойнаған шабуылшыға көз тікті

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.09.26, 17:44
"Бернли" Гана құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Джордан Айюмен келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Дастан Сәтпаевтың командасы АПЛ-де ойнаған шабуылшыға көз тікті
Сурет: ашық дереккөздерден

Джордан Айю – еркін агент

Түркиялық спорт журналисі Экрем Конурдың мәліметінше, қазір еркін агент мәртебесіндегі ганалық футболшы "Бернлидың" трансферлік тізіміне енген. Дегенмен инсайдер қазір Айюмен келіссөз жүргізуде "Блэкберн Роверс" клубының мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

Егер Джордан Айю "Бернлиге" ауысса, Ники Хайен жаттықтыратын команданың шабуыл шебіндегі орын үшін Дастан Сәтпаевқа бәсекелес болуы ықтимал.

Бұған дейін "Бернли" сапын Англия чемпионы атанған 39 жастағы танымал шабуылшы Джейми Варди толықтырған еді. Айюдің келуі клубтың шабуылдағы таңдауын одан әрі арттыра түспек.

Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып жатыр

Қазақстандық футболшы "Мидлсброға" қарсы кездесуде артқы сан бұлшықетін жарақаттап алған. Осыған байланысты Сәтпаев соңғы ойындарға қатыса алмай жүр.

Қазір 18 жастағы шабуылшы "Челси" базасында оңалту курсынан өтіп жатыр.

Айю Англияда 11 жыл өнер көрсетті

Джордан Айю кейінгі 11 жыл бойы ағылшын футболында тұрақты ойнады. Ол әр жылдары "Астон Вилла", "Суонси Сити", "Кристал Пэлас" және "Лестер Сити" намысын қорғап, Премьер-лигада мол тәжірибе жинады.

2026 жылғы 1 шілдеде ганалық шабуылшының "Лестермен" келісімшарты аяқталып, футболшы еркін агент атанды.

Айю Францияда өнер көрсеткен кезде бірнеше жүлде алды:

  • Франция чемпионы – 2009/2010;
  • Франция лига кубогының үш дүркін иегері;
  • Франция Суперкубогының екі дүркін жеңімпазы.

Футболшы бұл жүлделерді "Марсель" сапында жеңіп алған.

Джордан Айю клубтық мансабында 608 матч өткізіп, 97 гол соққан және 58 нәтижелі пас берген.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.09.26, 17:44

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22