Түркиялық спорт журналисі Экрем Конурдың мәліметінше, қазір еркін агент мәртебесіндегі ганалық футболшы "Бернлидың" трансферлік тізіміне енген. Дегенмен инсайдер қазір Айюмен келіссөз жүргізуде "Блэкберн Роверс" клубының мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.
Егер Джордан Айю "Бернлиге" ауысса, Ники Хайен жаттықтыратын команданың шабуыл шебіндегі орын үшін Дастан Сәтпаевқа бәсекелес болуы ықтимал.
Бұған дейін "Бернли" сапын Англия чемпионы атанған 39 жастағы танымал шабуылшы Джейми Варди толықтырған еді. Айюдің келуі клубтың шабуылдағы таңдауын одан әрі арттыра түспек.
Қазақстандық футболшы "Мидлсброға" қарсы кездесуде артқы сан бұлшықетін жарақаттап алған. Осыған байланысты Сәтпаев соңғы ойындарға қатыса алмай жүр.
Қазір 18 жастағы шабуылшы "Челси" базасында оңалту курсынан өтіп жатыр.
Джордан Айю кейінгі 11 жыл бойы ағылшын футболында тұрақты ойнады. Ол әр жылдары "Астон Вилла", "Суонси Сити", "Кристал Пэлас" және "Лестер Сити" намысын қорғап, Премьер-лигада мол тәжірибе жинады.
2026 жылғы 1 шілдеде ганалық шабуылшының "Лестермен" келісімшарты аяқталып, футболшы еркін агент атанды.
Айю Францияда өнер көрсеткен кезде бірнеше жүлде алды:
Футболшы бұл жүлделерді "Марсель" сапында жеңіп алған.
Джордан Айю клубтық мансабында 608 матч өткізіп, 97 гол соққан және 58 нәтижелі пас берген.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.