Покатиловтың Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчы бір минуттық үнсіздікпен басталады

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.09.26, 09:34
«Сабах» пен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матч Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталады.
Покатиловтың Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчы бір минуттық үнсіздікпен басталады
Стас Покатилов. Фото: ашық дереккөзден

2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің осы аптада өтетін бірінші турындағы барлық кездесу бір минуттық үнсіздікпен басталады.

УЕФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, осылайша футбол қауымдастығы Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандарды еске алады.

Сонымен қатар, матчтар басталар алдында футболшылар қолдау білдіретін үндеумен алаңға шығады. Командалар «Непал, сен жалғыз емессің!» деген жазуы бар баннер ұстайды.

УЕФА президенті Александер Чеферин еуропалық футбол отбасы Непал халқымен бірге қайғырып, елге қолдау білдіретінін айтты.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бірінші тур 8–10 қыркүйек аралығында өтеді. Әзербайжандық «Сабах» турнирдегі дебюттік матчын 11 қыркүйекте Англияда «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткізеді.

«Олд Траффорд» стадионындағы кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Айта кетейік, «Сабах» сапында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Қақпашы команда капитаны да болып табылады.

Непалда не болды?

26 тамыз күні таңертең Непалдың солтүстік аудандарында су тасқыны болды. Оған Қытай тарапынан келген қуатты су ағынының Бхоте-Коши өзеніне құйылуы себеп болған. Су тасқыны мұздықтың сырғуы және одан кейінгі көшкіннен кейін болған.

Елдегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.09.26, 09:34

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
54
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20