Клуб демеушілері чемпиондық атаққа таласып жүрген шымкенттік ұжымға қарсы ойындағы жігерлі жеңісті арнайы атап өтуді жөн көрген.
Осылайша "Оқжетпес" командасына жалпы сомасы 20 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.
Матч нәтижесіне тікелей үлес қосқан ойыншыларға қосымша төлем жасалды. Гол авторлары Нұрғайни Бөрібаев пен Леонарду де Ассунсау 2 миллион теңгеден алды.
Қақпада сенімді өнер көрсеткен голкипер Мирослав Лобанцевке де 2 миллион теңге берілді. Жеке төлемдерді қоса есептегенде клубтың бір матчтан кейін таратқан сыйақысының жалпы көлемі 26 миллион теңгеге жетті.
Бұған дейін көкшетаулық футболшылар командада гол үшін берілетін жеке сыйақыны барлық ойыншы арасында бөлісу дәстүрі бар екенін айтқан. Бұл ұжымдағы ауызбіршілік пен командалық рухты көрсетеді.
ҚПЛ-дың 25-турындағы кездесу Көкшетауда өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Әуелі Бьорн Йонсен "Ордабасыны" алға шығарды. Ал үзілістен кейін "Оқжетпес" ойын барысын өзгерте алды. Нұрғайни Бөрібаев пенальтиді сәтті орындаса, Леонарду де Ассунсау жеңіс голын соқты.
Осы нәтижеден кейін Ринат Әлеуетовтың командасы 42 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде "Астанамен" теңесті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.