Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған клуб 9 шетелдік футболшымен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.
AmanVibe мәліметінше, қарағандылық команда ҚПЛ регламентінде рұқсат етілетін легионерлер лимитін толық пайдаланбақ. Сонымен қатар құрамды Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі ойыншылары және командаға шақырылуы мүмкін отандық футболшылармен күшейту көзделген.
Клуб басшылығы жаңа маусымға дайындықты қазірден бастап қолға алған. «Шахтердің» скауттары Владислав Хрущак пен Михаил Габышев трансфер нарығын зерттеп, командаға сәйкес келетін футболшыларды қарастырып жатыр. Әзірге ықтимал жаңа ойыншылардың есімдері жарияланған жоқ.
Шетелдік ойыншылардың көптеп шақырылуына қарамастан, «Шахтер» клуб академиясының түлектерін дамыту бағытынан бас тартпайды. Қарағандылық жас футболшыларға Премьер-лига деңгейінде өздерін көрсетуге мүмкіндік беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, қазір Екінші лиганың көшбасшылары қатарында келе жатқан «Шахтердің» жастар командасы келесі маусымда Бірінші лигаға қатысуы мүмкін. Бұл қадам клуб жүйесіндегі жас ойыншылардың ересектер футболына бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған.
Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті бұған дейін ҚПЛ клубтарының өтініміндегі шетелдік ойыншылар санын кезең-кезеңімен қысқарту туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі маусымда әр командаға он легионер тіркеуге рұқсат етілсе, келесі жылы бұл көрсеткіш тоғыз ойыншыға дейін төмендеуі тиіс. Осыған байланысты «Шахтер» жаңа маусымда рұқсат етілген лимиттің барлығын пайдалануды жоспарлап отыр.
Қарағанды клубы 2024 жылғы маусымның қорытындысында өз тарихында алғаш рет Премьер-лигадан түсіп қалған еді. Команда екі жылдан кейін Бірінші лигада жоғары нәтиже көрсетіп, ел чемпионатының элиталық дивизионына қайта оралу міндетін мерзімінен бұрын орындады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.