Әлем чемпионатынан кейін 267 футболшы клубын ауыстырды

Автор
Fonteam редактор
Автор
04.09.26, 09:09
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы 1 маусым мен 2 қыркүйек аралығындағы халықаралық трансферлер туралы есебін жариялады.
Әлем чемпионатынан кейін 267 футболшы клубын ауыстырды
Сурет: ашық дереккөздерден

Жазғы кезеңде ерлер және әйелдер футболындағы бірқатар тарихи көрсеткіш жаңарды.

FIFA мәліметінше⁠, ерлер футболында халықаралық трансферлерге жұмсалған қаржы 9,89 миллиард доллардан асты. Бұл — футбол тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Аталған кезеңде әлем бойынша 12 500-ден астам халықаралық ауысым тіркелген.

Англия көш басында

Трансферлік шығын бойынша Англия клубтары көш бастады. Олар жаңа ойыншыларға 3,02 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған. Италия клубтарының шығыны 1,1 миллиард, Испания клубтарынікі 940 миллион доллар болды. Одан кейін Германия — 904 миллион және Франция — 641 миллион доллар көрсеткішпен орналасты.

Ал ойыншыларын сатудан ең көп табыс тапқан ел — Франция. Француз клубтары трансферлерден жалпы сомасы 1,7 миллиард доллар кіріс алды. Англия клубтары 1,43 миллиард, Германия командалары 1,02 миллиард доллар пайда тапқан.

Әлем чемпионаты да трансфер нарығына айтарлықтай ықпал етті. 2026 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан 47 елдің 267 футболшысы турнирден кейін клубын ауыстырды. Олардың трансферлерінің жалпы құны 3,3 миллиард доллардан асты.

Әйелдер футболында да тарихи рекорд тіркелді. Жазғы кезеңде 1406 халықаралық трансфер рәсімделген. Бұл бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіштен 19,2 пайызға көп.

Әйел футболшылардың трансферлеріне жұмсалған қаржы 28,6 миллион долларға жетіп, былтырғы жазғы кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам өсті. Бұл бағытта Англия клубтары 8 миллион доллар жұмсап, бірінші орынға шықты. Испания командаларының шығыны 6,6 миллион, Германия клубтарынікі 4,9 миллион доллар болды.

Әйелдер футболындағы трансферлерден ең көп кіріс Швеция клубтарына түсті — 4,2 миллион доллар. Одан кейін Англия мен Франция командалары орналасқан.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

04.09.26, 09:09

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
48
3
Астана
42
4
Оқжетпес
39
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
31
8
Жеңіс
29
9
Тобыл
28
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17