Ұлттық құраманың тізгінін ұстағанына үш апта болған ван ’т Схип осы уақыт ішінде Түркістан, Семей және футболы дамып келе жатқан өзге де қалаларға барып, Қазақстан чемпионатының бірқатар матчын тамашалады.
Маман отандық біріншіліктің ұйымдастырылуына оң баға бергенімен, стадиондар мен жаттығу базаларын дамыту бағытында әлі де ауқымды жұмыс атқару қажет екенін атап өтті.
"Қысқа уақыт ішінде көптеген матчқа бардым. Мұнда деңгейі жақсы әрі ұйымдастырылуы жолға қойылған чемпионат бар. Дегенмен стадиондар мен инфрақұрылым туралы айтсақ, Қазақстанға көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, Еуропа елдерін қуып жетуге мүмкіндік бар.
Бұл бағыттағы ілгерілеу қазірдің өзінде байқалады. Бірақ әлі де көп жұмыс істеу қажет. Клубтар мен Үкімет бірлесіп, қазіргі айырмашылықты азайтады деп үміттенемін. Бұл чемпионатқа ғана емес, қазақстандық футболшылардың дамуына да маңызды", – деді Джон ван ’т Схип.
Джон ван ’т Схип бұған дейін Нидерландтың "Аякс" клубының бапкерлер штабында еңбек етіп, Австралияның "Мельбурн Сити" командасын жаттықтырған. Сонымен қатар Грекия және Армения ұлттық құрамаларын басқарды.
7 тамызда нидерландылық маманның Талғат Байсуфиновтың орнына Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаны ресми түрде жарияланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде үш жаңа ірі футбол стадионы пайдалануға берілді:
Сондай-ақ Астанадағы ескі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның орнына шамамен 3600 көрерменге арналған жабық манеж салынды.
Туризм және спорт министрлігі жаздың басында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Семейде жаңа стадиондар салуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Алматыдағы жаңа аренаның сыйымдылығы 45 мың көрерменге дейін жетуі мүмкін. Жоба жүзеге асса, ол Қазақстандағы ең үлкен футбол стадионы атанбақ.
Бұдан бөлек, тағы жеті қалада жаңа ареналардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жаңа нысандар Петропавл, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Қонаев, Көкшетау және Павлодарда бой көтереді деп жоспарланған
Қазір жаңадан салынған үш аренадан бөлек, Қазақстанда сыйымдылығы 15 мың адамнан асатын тағы үш стадион бар:
Алматыдағы Орталық стадион – 23 800 орын;
Қарағандыдағы "Шахтер" стадионы – 19 мың орын;
Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадион – 18 мың орын.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда облыстардағы стадиондардың басым бөлігін жаңғырту немесе демеушілердің қаражатын тарта отырып, жаңа футбол ареналарын салу қажет екенін айтқан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.