Le Parisien басылымының мәліметінше, 18 жастағы Клеман Л. есімді күдікті Нантерде ұйымдасқан тонауға қатысты айып тағылғаннан кейін қамауға алынған. Тергеушілер оның сыбайласымен бірге 2026 жылғы 11 сәуір мен 19 тамыз аралығында тонау және адамдарды ұрлауға дайындалу сияқты қылмыстармен байланысты ұйымдасқан топқа қатысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.
Тергеу кезінде полиция күдіктінің телефонынан әншілер, спортшылар және басқа да қоғамға танымал тұлғаларға тиесілі 26 мекенжайдың тізімін тапқан. Сол тізімде Килиан Мбаппе де болған. Құжаттарда француз футболшысы аса бай нысана ретінде сипатталған.
Болжам бойынша, қылмыстық топ "Реал" жұлдызын ұрлап, оған шабуыл жасауды қарастырған. Қазір тергеушілер қылмыскерлердің жоспарлары нақты іске асыру кезеңіне жеткен-жетпегенін анықтап жатыр.
Күдіктінің болжамды сыбайластарының бірі сот бақылауымен босатылған. Құқық қорғау органдары әр күдіктінің қылмыстық топтағы нақты рөлін және жоспарлардың қаншалықты жүзеге асырылғанын анықтауды жалғастыруда.
Килиан Мбаппе қазіргі уақытта мадридтік "Реалдың" негізгі шабуылшыларының бірі саналады. 26 тамызда француз футболшысы Ла Лиганың 2026/27 маусымындағы алғашқы хет-тригін "Реал Сосьедадқа" қарсы матчта жасады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.