Сәтпаевқа қараңдар: «Бернли» бапкері ойыншылардан қазақстандық шабуылшыдан үлгі алуды талап етті

Автор
Fonteam редактор
Автор
31.08.26, 05:09
Англиялық «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен ASnews.kz тілшісі Ерғанат Қабдұлқаққа берген сұхбатында команданың тәжірибелі футболшыларын сынға алып, барлығын 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтан үлгі алуға шақырды.
Сәтпаевқа қараңдар: «Бернли» бапкері ойыншылардан қазақстандық шабуылшыдан үлгі алуды талап етті
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Маманның төрт турдан кейін кейбір ойыншылардың алаңдағы жанкештілігіне көңілі толмайтынын білдірді, дегенмен жас қазақстандықтың әрекетін ерекше атап өтті.

«Алғашқы төрт матчта 9 гол жіберіп алу – бұл шын мәнінде ауыр бастама. Қорғаныс – өнер, және қорғануды тек төрт қорғаушы емес, бүкіл команда жасауы тиіс. Оның үстіне, шабуылға ауысу сәттерінде біз допты тым оңай беріп қоямыз.

Мен біреуді жеке бөліп-жарғанды ұнатпаймын, бірақ 18 жастағы Дастанның қалай ойнағанына қараңыздаршы. Ол алда қандай қуатпен прессинг жасады, артқа қалай жүгіріп, қорғаныста қалай еңбек етті – тіпті міндетті болмаған кездің өзінде әріптестері үшін осыны жасады. Мен әр ойыншыдан дәл осындай менталитетті көргім келеді. 18 жастағы жігіт осындай жанкештілік танытып жатқанда, тәжірибелі ойыншылардың – есімдерін атамай-ақ қояйын – жай ғана алаңда жүргенін көру ауыр. Дастан көрсеткен ойын – бұл әркім ұмтылуы тиіс стандарт. Кеше кешке ол жай ғана керемет болды.

Бізде орасан зор әлеует бар, жағдайды түзететінімізге 100% сенімдімін. Бұл – клуб екі және төрт жыл бұрын басынан өткерген процесс: қиын бастама, бірақ трансферлік терезе жабылғаннан кейін бәрі өзгереді. Мен сылтау іздемеймін, бірақ кейбір футболшылар 15–18 ай бойы ойнамаған, жалға берілген еді, оларға уақыт керек. Алайда Чемпионшипте уақыт жоқ – ойындар бірінен соң бірі өтеді», – деді «Бернлидің» бас бапкері.

Чемпионшиптің үшінші туры аясындағы «Норвич Ситиге» қарсы кездесуде (1:4) Дастан Сәтбаев алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, толық 95 минут өнер көрсетті. Команданың жеңілісіне қарамастан, 18 жастағы қазақстандық сараптамалық сервистерден 7.6 балл алып, «Бернли» сапындағы ең үздік, ал матчқа қатысқан барлық футболшылар арасында үшінші үздік ойыншы атанды.

Маусымның алғашқы төрт ресми матчында «Бернли» 9 гол жіберіп алып, турнир басындағы ең нашар көрсеткіштердің бірін тіркеді.

Чемпионшиптің төртінші туры аясында Ники Хайеннің командасы 2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні өз алаңында «Мидлсброға» қарсы ойнайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

31.08.26, 05:09

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22