УЕФА алматылық «Қайраттың» 2026/27 жылғы Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарының толық кестесін ресми түрде жариялады.
Қазақстан чемпионы жалпы кезеңде алты қарсыласпен кездеседі. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері еурокубоктағы күзгі жорығын 15 қазанда Латвияда бастайды, ал негізгі кезеңдегі соңғы ойынын 17 желтоқсанда Нидерландыда өткізеді.
Осылайша, алматылық клуб үш ойынды өз алаңында, тағы үш кездесуді сырт алаңда өткізеді. Алматыға грекиялық «Панатинаикос», швециялық «Мьельбю» және румыниялық «Университатя» Крайова келеді.
Ал сырт алаңда «Қайрат» Латвияның «Ригасымен», Италияның «Аталантасымен» және Нидерландының «Твентесімен» кездеседі.
Айта кетейік, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастаған. Кейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмай, Конференция лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.