Шотландияда Ислам Чесноковқа баға берілді

Шотландияда Ислам Чесноковқа баға берілді
Ислам Чесноков. Фото: "Хартс" ФК

The Scottish Sun басылымының журналисі Роберт Мартин Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков өнеріне баға беріп, оның клубы «Хартстың» Шотландия чемпионатындағы алтын медаль үшін мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Ислам „Ливингстонға“ қарсы ойында аса жақсы өнер көрсеткен жоқ, бұл рас. Бірақ бүкіл команда да жақсы деңгейде болған жоқ, сондықтан олар лиганың басты аутсайдерімен 2:2 есебімен тең түсті. Алайда кеше „Хартс“ „Мотеруэллді“ өте маңызды матчта жеңді, сондықтан олардың әлі де бірінші орынмен аяқтауға мүмкіндігі жоғары», — деді Мартин.

Еске салайық, Шотландия чемпионатының 33-туры аясындағы «Хартс» пен «Мотеруэлл» арасындағы кездесу алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды (голдарды Пьер Каборе, Клаудио Брага және Лоуренс Шенкленд соқты). Ал алдыңғы турда негізгі құрамда шыққан Ислам Чесноков бұл жолы қосалқы құрамда қалып, алаңға шыққан жоқ. Айта кетейік, 32-турда «Ливингстонға» қарсы ойында (2:2) 26 жастағы қазақстандық командадағы ең төмен бағалардың бірін алды — 5,4. Жалпы осы маусымда ол клуб сапында сегіз матч өткізіп, бір гол соқты.

Қосымша айта кетсек, 33 тур қорытындысы бойынша «Хартс» 70 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Енді Шотландия чемпионатында екінші кезең басталады: Чесноковтың командасы жеңімпаздар тобында ойнап, қалған бес турда үздік алтылықтағы клубтармен кездеседі.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1