Чемпионаттың төртінші турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Таавунды" 2:1 есебімен жеңді. Кездесудегі есепті 11-минутта қонақтар сапындағы Бассам Әл-Хурайджи ашты. Бірінші таймның соңында Саму Кошта таразы басын теңестірді.
Екінші таймның 50-минутында Криштиану Роналду алаң иелерін алға шығарды. Португалиялық шабуылшының соққан голы "Әл-Насрға" үш ұпай сыйлады.
Бұл гол 41 жастағы Криштиану Роналдудың кәсіби мансабындағы 978-ші голы болды. Оның 832 голы клубтық деңгейде, тағы 146-сы Португалия құрамасы сапында соғылған. Футбол аңызы жаңа маусымда "Әл-Наср" сапында үш матч өткізіп, екі голдың авторы атанды.
Осы нәтижеден кейін "Әл-Насрдың" маусым басынан бері жеңіліссіз сериясы жалғасуда. Команда төрт турдан кейін 12 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Чемпионаттағы бесінші тур аясында саудиялық клуб 5 қыркүйекте "Әл-Иттихадқа" қарсы ойын өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.