«Дастан өте жақсы ойнады. Ол үнемі қарсылас қақпасына қауіп төндіріп жүреді және ойынды өзіне алудан қорықпайды. Жалпы команда жақсы комбинациялар жасап, бос аймақтарды таба білді – бұл дәл біз жаттығуларда пысықтаған дүние.
Дегенмен Дастан мен басқа да жаңадан келген ойыншыларға ағылшын футболының жоғары қарқынына толық бейімделу үшін сәл уақыт қажет. Біз олардың жаттығу жиындарындағы жұмысын көріп жүрміз, прогресстің болатынын білеміз — енді соны алаңға тұрақты түрде алып шығу маңызды», – деді бапкер.
18 жастағы шабуылшы Лига кубогының екінші раундында «Брэдфордқа» қарсы кездесуде (0:0, пенальти бойынша – 2:4) алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шықты. Сәтпаев 80 минут ойнап, 6 жекпе-жектің 5-еуінде жеңіске жетті, 4 рет допты тартып алды және Sofascore сарапшыларынан 7.1 деген бағаны иеленді (командадағы үшінші көрсеткіш).
29 тамызда «Бернли» Чемпионшиптің кезекті матчын сырт алаңда «Норвич Ситиге» қарсы өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.