25 тамызда өткен кездесу ақтөбеліктердің ірі есептегі жеңісімен аяқталды.
"Барлық команда бізге қарсы барын салып күреседі, ал бір-бірімен ойнағанда өзара келіседі. Бәрі бізге қарсы ойында үнемі соңына дейін күреседі. Бірінші таймда алаңға, оның ерекшелігіне үйрендік. Мұндай жағдайда ойнау оңай емес, сондықтан бейімделуге тура келді. Екінші таймда жағдайға бейімделіп, гол соқтық", — деді Семенов.
Бапкер өз командасының бірінші таймдағы ойынына да көңілі толмағанын жасырмады.
"Жеңетінімізді білдік, бірақ ойын сапасы жақсы болмады, кемшіліктер болды. Бұған өзіміз кінәліміз. Допты бақылап, комбинациялық футбол ойнаудың орнына түсініксіз пастар мен алысқа бағытталған доптарға көшіп кеттік. Алайда, екінші таймда есімізді жиып, жеңіске жеттік"
"Астанаға" қарсы ойында Морган Томас Рис 4, 28, 49, 55 және 93-минуттарда гол соғып, пента-трик авторы атанды. Сонымен қатар Аида Гайстенова мен Анжелика Кеона Айкидадан бір-бір голдан тіркелді.
17 турдан кейін "Ақтөбе" әйелдер чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команда кездесулердің барлығында жеңіске жетіп, 51 ұпай жинаған. Екінші орында 37 ұпаймен "Жеңіс" тұрса, үздік үштікті 35 ұпаймен "Қызылжар" түйіндейді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.