Іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы соңғы қарымта кездесулер аяқталып, Еуропаның басты клубтық турнирінің жалпы кезеңіне жолдама алған командалардың толық құрамы жасақталды.
Жалпы кезеңнің жеребесі 28 тамызда өтеді. Рәсім Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Жеребе қорытындысы бойынша 36 клуб жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі.
Биылғы қатысушылар арасында Еуропаның «Реал», «Барселона», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Бавария», «ПСЖ», «Интер» секілді алпауыттарымен қатар іріктеу арқылы тарихи нәтижеге қол жеткізген командалар да бар.
Солардың бірі – қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабах». Баку клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Жалпы кезеңге қатысатын 36 клуб:
Англия: «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла», «Ливерпуль».
Испания: «Барселона», «Реал Мадрид», «Атлетико», «Вильярреал», «Реал Бетис».
Германия: «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Штутгарт».
Италия: «Интер», «Наполи», «Рома», «Комо».
Франция: «Пари Сен-Жермен», «Ланс», «Лилль».
Португалия: «Порту», «Спортинг».
Нидерланд: ПСВ, «Фейеноорд».
Түркия: «Галатасарай», «Фенербахче».
Сонымен қатар Бельгияның «Брюгге», Украинаның «Шахтер», Чехияның «Славия», Норвегияның «Будё-Глимт» пен «Викинг», Әзербайжанның «Сабах», Аустрияның ЛАСК, Грекияның АЕК және Словакияның «Слован» клубтары жалпы кезеңге шықты.
Енді басты назар жеребеге ауады. 28 тамыздағы рәсімнен кейін әр команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде кімдермен кездесетіні белгілі болады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.