Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

Покатилов ойнаған «Сабах» ЧЛ-ның жалпы кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайтын болды.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Покатилов ойнаған «Сабах» ЧЛ-ның жалпы кезеңіне жолдама алды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Сабах» командасы плей-офф кезеңінің жауапты матчында Израильдің «Хапоэлі» клубын тізе бүктірді.

Командалардың алғашқы кездесуі «Хапоэльдің» 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған болатын.

Жауапты ойынның 10-минутында Покатиловтың өрескел қателігінен Әзербайжан командасының қақпасына гол соғылды. Қазақстандық қақпашы допты дәл емес бергенде, қарсылас ойыншы оны иеленіп, Израиль шабуылшысы Игор Златанович есеп ашты.

Кристиан Нвачукву бірінші тайм соңында таразы басын теңестірді, командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті. Алайда бұл нәтиже Израильдегі жеңілістен кейін «Сабахқа» қолайсыз еді.

61-минутта Гай Мизрахи Израиль командасын қайта алға шығарды, алаң иелерінің жағдайын ауырлатты. Бұл голда да Покатиловтың сәтсіз ойынға қосқан добы себепкер болды.

Дегенмен, әзербайжандық ұжым қайсарлығын көрсетті. 13 минуттан соң Умарали Рахмоналиев есепті теңестіріп, Бакудегі трибуналарды тағы үмітке бөледі.

Ойын аяқталуға жақын қалғанда, бәрі «Сабах» Чемпиондар лигасынан тыс қалады деп ойланған сәтте, алаң иелері қосымша уақытта үшінші голды соғып, Теллур Муталлимовтың шеберлігінің арқасында ойынды экстра-таймға алып шықты.

Ал қосымша уақыттың алғашқы 15 минутында Орфе Мбина командасын алға шығарды, стадионды нағыз экстазға бөледі! Бірақ әзербайжандық команда мұнымен тоқтамады. Бесінші гол да соғылып, ұжым Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды!

УЕФА Чемпиондар лигасы

Плей-офф кезеңі

Жауапты матч

«Сабах» – «Хапоэль Беэр-Шева» 5:2 (алғашқы матч – 1:2)

Голдар: Нвачукву, 38, Рахмоналиев, 74, Муталлимов, 90+4, Мбина, 101, Микелс, 115 – Златанович, 10, Мизрахи, 61

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.