Әлемдік футбол басшысы сату арқылы түскен қаражатты ірі футболдық құрамалар шағын елдерге көмектесуге жұмсай алатынын атап өтті:
«Өкінішке қарай, кейбіреулерге басқалардың дамығаны қажет емес әрі қаламайды. Бірақ біз ірі, өте ірі елдер мен қалғандарының арасындағы алшақтықты қысқартуымыз керек. Ірі елдер өте жақсы жұмыс атқарып жатыр, біз оларды мақтап, құттықтаймыз. Әрине, олар әрі қарай да дамуы тиіс, бірақ біз өзгелерге де мүмкіндік беруіміз керек. Біз өзгелерге де инвестиция мен мүмкіндік табуымыз қажет», — деді Инфантино Доминикан Республикасына сапары барысында.
Айта кетейік, Инфантиноның әлем чемпионатын басқару құқығының 20%-ын сату туралы ұсынысы футбол қауымдастығында үлкен сынға ұшырады. Әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкада бұл ұсынысқа қарсылық күшейіп, олар ФИФА-дан бөлек бірлескен турнирлер ұйымдастыру идеясын белсенді түрде қарастырып, Инфантиноны әлемдік футболдың басты ұйымынан кетіруді көздеуде.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.