«Өте баяу әрекет еттік»: Сәтпаев дебют жасаған матчтан кейін бапкер ескерту жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.08.26, 05:00
Бапкер қосалқы құрамнан шыққан футболшылар командаға серпін беруі керек екенін ескертті.
«Өте баяу әрекет еттік»: Сәтпаев дебют жасаған матчтан кейін бапкер ескерту жасады
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияның Чемпионшипінде «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді. Ол «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде 57-минутта алаңға шықты. Матч «Бернлидің» 1:3 есебімен жеңілісімен аяқталды.

Ойыннан кейін команданың бас бапкері Ники Хайен шәкірттерінің өнерін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, «Бернли» қарсыласынан қарқын, жекпе-жек және допқа талас жағынан айқын ұтылған.

«Біздің жеңілісіміз толықтай заңды. Қарсылас бізден әлдеқайда жігерлі ойнады, жекпе-жектер мен екінші доптарда басым болды. Біз өте баяу әрекет еттік. Өткен аптадағы деңгейімізден алыс қалдық. Ең жақсы ойынымызды көрсетсек, топ-команда бола аламыз. Ал бүгінгідей матч өткізсек, ортаңқол командаға айналамыз», – деді Хайен.

Бапкер әсіресе екінші таймда команданың тактикалық құрылымы бұзылғанын және ойыншылардың сенімділігі төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ қосалқы құрамнан шыққан футболшылар командаға серпін беруі керек екенін ескертті.

Хайен алдағы матчтарда құрамда өзгерістер болатынын да жасырмады.

«Барлығы өз деңгейін дәлелдеуі керек. Негізгі құрамда бастай ма, әлде қосалқыда отыра ма – айырмашылығы жоқ. Команда үшін сапалы ойнау міндет», – деді ол.

«Бернли» келесі кездесуін Лига кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұл матчта алғаш рет жаңа командасының өтініміне еніп, ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші таймда, 57-минутта ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.08.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17