Месси қарсыласын бетінен ұрғаны үшін жазаланды

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.08.26, 11:15
Месси қарсыласының бетін алақанымен ұрған.  
Месси қарсыласын бетінен ұрғаны үшін жазаланды
Лионель Месси. Сурет: Getty Images

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатындағы «Филадельфия Юнионға» қарсы матчтан кейін тәртіптік жазаға тартылды.

Лиганың тәртіптік комитеті аргентиналық футболшыны қарсыластың беті, басы немесе мойнына қолмен тиіспеуге қатысты ережені бұзды деп танып, айыппұл салған. Оның нақты көлемі жарияланған жоқ.

Оқиға кездесудің 101-минутында болды. «Филадельфия» шабуылшысы Куинн Салливанмен сөзге келіп қалған Месси қарсыласының бетін алақанымен ұрған. Алайда төреші бұл сәтте оны елемеген.  

Матч соңындағы жанжалға байланысты «Интер Майами» қорғаушысы Иэн Фрэй де айыппұл арқалады. Ал «Филадельфия» жартылай қорғаушысы Каван Салливанға көрсетілген қызыл қағаз, бір матчтық шеттету және айыппұл кейін тәуелсіз комиссия шешімімен жойылды.

Бұл Мессидің MLS-тегі екінші тәртіптік жазасы. Бұған дейін 2025 жылдың ақпанында ол «Нью-Йорк Сити» бапкерінің көмекшісімен болған жанжалдан кейін айыппұл төлеген.

«Интер Майами» мен «Филадельфия Юнион» арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.08.26, 11:15

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17