«Каспий» маусым барысында жаңа кезеңге аяқ басты.
Клуб директоры Нұртас Құрғұлин, БАҚ мәліметінше, өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған. Осыған ілесе бас бапкер Ерлан Шойтымов та ұжымнан кетті.
Шойтымов енді павлодарлық «Ертісте» бапкерлік қызметін жалғастырады.
Оқиға төңірегінде қызықты жайттар да бар.
Клуб директоры «Каспийдің» «Елімайға» қарсы өткен соңғы үй матчына қатыспады. Бұдан бөлек, 19 тамызда Нұртас Құрғұлин де, Ерлан Шойтымов та Ақтаудағы жаңа стадион құрылысындағы уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысқан жоқ.
Бұл шешімдердің аяқасты емес, алдын ала қабылданғанын көрсетеді.
«Каспийдің» жаңа бас бапкері ретінде Руслан Есатов тағайындалды.
Бұл ақтаулық клуб үшін жақсы таныс маман. Өткен маусымда дәл осы Есатов команданы бірінші орынмен КПЛ-ға алып шыққан болатын.
Енді ол жоғарғы дивизион жағдайында команданың нәтижесін тұрақтандыру үшін қайтадан жұмысқа кіріседі.
Сонымен қатар, клубты уақытша кім басқаратыны белгілі болды.
«Каспийдің» директор міндетін атқарушы болып Қайрат Ершеев тағайындалды. Ол өтпелі кезеңде клубты басқару және ағымдағы мәселелерді шешу міндетін атқарады.
Бұл «Каспий» үшін өте маңызды сәт, өйткені өзгерістер бірден екі негізгі бағытқа – спорттық және әкімшілік салаға – әсер етті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.