Месси мен "Интер Майами" МЛС-те тең түсті

Автор
Алихан Ибраев
Автор
12.04.26, 04:27
MLS аясындағы матчта «Интер Майами» өз алаңында «Нью-Йорк Ред Буллзды» қабылдады. Форт-Лодердейл қаласындағы «Ди-Эр-Ви Пи-Эн-Ка Стэдиумда» өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Месси мен "Интер Майами" МЛС-те тең түсті
Getty Images

«Интер Майами» сапында Матео Сильветти мен Херман Бертераме гол соқты. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси негізгі құрамда алаңға шығып, нәтижелі әрекет жасай алмады. Уругвайлық форвард Луис Суарес қосалқы құрамнан шығып, ол да гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Қонақтар қатарында Хорхе Рувалькаба мен Адри Мехмети мергендік танытты.

Келесі матчта «Интер Майами» «Колорадо Рэпидзбен» кездеседі, ал «Нью-Йорк Ред Буллз» «Клёб де Фут Монреальға» қарсы ойнайды. Екі ойын да 18 сәуір күні өтеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1