Аты аңызға айналған Роберто Карлос ислам дінін қабылдады

Автор
Fonteam редактор
Автор
19.08.26, 05:00
Бразилия және әлем футболының аңыздарының бірі Роберто Карлос ислам дінін қабылдады.
Аты аңызға айналған Роберто Карлос ислам дінін қабылдады
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Түркиядағы билеуші Әділет және даму партиясының депутаты Али Шахин Бразилия мұсылман қауымдастығының өкілдерімен кездесуден кейін мәлімдеді.

Шахиннің айтуынша, Роберто Карлос туралы ақпаратты оған шейх Жихад Хаммадех жеткізген. «Реал» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы онымен біраз уақыттан бері байланыста болған. Ал шамамен төрт апта бұрын футболшы шейхпен жеке кездескен.

Дәл осы кездесуде Роберто Карлос шаһада айтып, ислам дінін қабылдағаны айтылады.

«Шейх Жихад Хаммадех Роберто Карлостың онымен ұзақ уақыт байланыста болғанын, ал төрт апта бұрын кездесуге келіп, шаһада айтып, ислам дінін қабылдағанын жеткізді. Роберто Карлосты құттықтаймын. Оған және отбасына бейбіт өмір, денсаулық пен амандық тілеймін», - деп жазды Али Шахин.

Әзірге Роберто Карлостың өзі ислам дінін қабылдағаны туралы көпшілік алдында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

53 жастағы бразилиялық Сухайла Эль Тахириге үйленген. Испан-марокколық текті Эль Тахири футбол саласында жұмыс істейді және ФИФА лицензиясына ие футбол агенті.

Роберто Карлос футбол тарихындағы үздік сол қаптал қорғаушыларының бірі саналады. Еуропадағы мансабының негізгі бөлігін мадридтік «Реалда» өткізіп, клубпен бірге төрт рет Испания чемпионы атанды және үш мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Бразилия құрамасымен 2002 жылы әлем чемпионы болды.

Роберто Карлостың мансабында Түркиядағы кезең де бар. Ол 2007-2009 жылдары «Фенербахче» сапында өнер көрсетті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

19.08.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17