ПСЖ өз тарапынан трансферді растады. Осылайша, шабуылшы каталондық клубтан кетіп, мансабын Парижде жалғастырады.
Ауыстырудың толық мәліметтері ашылмаған. Бұған дейін келісім құны шамамен 50 миллион еуроны құрайтыны, ал бонус ретінде тағы 5 миллион еуро төленуі мүмкін екені айтылған.
Қызығы, Францияға ауысу Торресті бұрын Испания құрамасында бірге жұмыс істеген Луис Энрикемен қайта қауыштырады.
Айта кетейік, 2025/26 маусымында Ферран Торрес «Барселона» сапында барлық турнирде 49 матч өткізіп, 21 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, осы жазда испан ойыншысы әлем чемпионатының финалында Аргентинаға қарсы жеңіс добын салып, турнирдің басты қаһарманына айналды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.