«Бұл тек бастамасы. Жалға алу – мені күшейтетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы алда, Ин Шаа Аллах! Алға, Қазақ елі!», – деп жазды Дастан өзінің Instagram парақшасында.
18 жастағы қазақстандық вундеркинд Англиядағы жаңа клубқа бір маусымға жалға ауысты.
Айта кетейік, бұл жалға алу Сатпаевтың «Кайраттан» «Челсиге» ауысқаннан кейінгі мансабындағы келесі кезең болмақ. 2025 жылы лондондық клуб алматылық тәрбиеленушіні сатып алуға келіскен, алайда Дастан Англияға тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана өте алатын еді.
Кәмелеттік жасқа толған соң Қазақстан құрамасының шабуылшысы «ақсүйектермен» алты жылдық келісімшартқа қол қойып, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен негізгі командаға қосылды.
Айта кетейік, «Бернли» өткен маусым қорытындысы бойынша Англия премьер-лигасынан шығып қалып, жаңа маусымды Чемпионшипте (Англияның екінші деңгейлі дивизионы) бастайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.