Лондондық «Тоттенхэм» 2026 жылдың маусымында «Ливерпульден» кететін қаптал қорғаушысы Эндрю Робертсонды қатарға қосу туралы ауызша келісімге келді.
Барлық шарттар келісілген. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, қазіргі таңда құжаттарға қол қойылған жоқ, өйткені шотландиялық футболшының трансфері «Тоттенхэмнің» Англия чемпионатындағы орнын сақтап қалуына байланысты болады.
Ағымдағы маусымда 32 жастағы Робертсон барлық турнирде 31 матчқа қатысып, екі гол және екі нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 10 миллион еуроны құрайды.