БАҚ-та тараған ақпаратқа қарамастан, лондондық клубтың форварды ҚПЛ-ға жалға берілу құқығымен қайта оралудан өте алыс:
«Бұның бәрі – бос сөз», – деп футболшының жақын айналасы тараған қауесетке қысқаша пікір білдірді.
Дегенмен қазақстандық футболшы тұрақты ойын практикасы үшін «Челсиден» кетіп, басқа клубқа ауысуы әлі де мүмкін. 18 жасын атап өтіп жатқан команда жаңашылының болашағы жақын күндері белгілі болады.
Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев «ақсүйектер» сапына шілде айында ресми түрде қосылған болатын.
Лондодықтар сапында төрт жолдастық кездесуге қатысқан шабуылшы бір гол соғып үлгерді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.